67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан жұбаныш белдесулері арқылы қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. Үшінші орын үшін белдесуде оның қарсыласы Армения өкілі, Олимпиада ойындарының жүлдегері Славик Галстян болуы тиіс еді. Алайда армениялық спортшы кілемге шықпағандықтан, жеңіс Дінмұхамед Қошқарға берілді.
Турнирдегі алғашқы белдесуінде Қошқар ресейлік Динислам Бамматовпен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.
Осылайша, Дінмұхамед Қошқар Қазақстан құрамасының қоржынына Будапешттегі беделді рейтингтік турнирдің қола жүлдесін салды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!