Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерасыл Шұқатаев ACA 205 турнирінде ресейлік Магомед Сардаловпен октагонға шықты.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, тартысты өтті. Қорытындысында төрешілер жеңісті Магомед Сардаловқа бірауыздан (29-28, 29-28, 29-28) берді.

Осылайша, Магомед Сардалов кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, жеңісті сериясын сегіз айқасқа дейін ұзартты. Оның төртеуі ACA промоушенінде тіркелді.

Ал Ерасыл Шұқатаевтың екі жекпе-жектен тұрған жеңісті сериясы аяқталды.