Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағдас Олжабай ACA 205 турнирінде ресейлік Шамиль Басаевпен кездесті.

Жекпе-жек небәрі 32 секундқа созылды. Бірінші раундтың басында Бағдас техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. 

Осылайша, Шамиль Басаев кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз сериясын сақтап қалды (8-0). Оның бесеуі мерзімінен бұрын аяқталған.

Ал Бағдас Олжабай үшін бұл кәсіби мансабындағы қатарынан екінші жеңіліс болды.