Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы ACA 205 турнирінде ресейлік Виталий Бигдашпен кездесті.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (29-28, 29-28, 29-28) жеңіс Асылжан Бақытжанұлына бұйырды.

Осылайша, Асылжан кәсіби мансабындағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектен кейін ол 2020 жылы өзінен басым түскен Алексей Буторинді реваншқа шақырып, сол жеңілістің есесін қайтарғысы келетінін мәлімдеді.

Ал Виталий Бигдаштың қатарынан екі жеңістен тұрған сериясы аяқталды.