Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Даурен Ермеков ACA 205 турнирінде бразилиялық Рене Пессоамен кездесті.
Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Ермеков қарсыласын қылқындыру әдісіне түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, Даурен Ермеков Фаридун Одиловтан жеңілгеннен кейін жеңіс жолына қайта оралды. Жекпе-жектен кейін ол лига басшылығынан Одиловпен орта салмақта реванш ұйымдастыруды сұрады.
Ал Рене Пессоа үшін бұл кәсіби мансабындағы қатарынан екінші жеңіліс болды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!