Зейнеп жарысты алғашқы айналымда Оңтүстік Корея өкілін 11:1 есебімен жеңді. Одан кейін ширек финалда ресейлік Надежда Соколованы 16:11 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда АҚШ спортшысы Тамара Росарио Чавеске 0:4 есебімен жол берген қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесуде Украина өкілі Оксана Ливачпен кездесуі тиіс еді. Алайда қарсыласы бозкілемге шықпағандықтан, жеңіс Зейнепке берілді.
Осылайша, Зейнеп Баянова Венгриядағы рейтингтік турнирдің қола жүлдегері атанды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!