Иордания астанасы Амман қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазақстан құрамасы құрлықтық додадағы алғашқы күнді сегіз жүлдемен қорытындылап, командалық есепте жоғары нәтиже көрсетті.

Ұлттық құрама қоржынына үш алтын медальді Ролан Қайырғали, Айнара Сейітжанова және Нұрбала Зайнул салды.

Алтын медаль иегерлері

  • Ролан Қайырғали — 66 келіге дейін;

  • Айнара Сейітжанова — 48 келіге дейін;

  • Нұрбала Зайнул — 52 келіге дейін.

Күміс жүлдегерлер

  • Ерасыл Ержанов — 66 келіге дейін;

  • Мұхамедали Закиров — 73 келіге дейін;

  • Дамеля Асылханова — 63 келіге дейін.

Қола жүлдегерлер

  • Айзат Наукенова — 48 келіге дейін;

  • Айдана Абиханова — 63 келіге дейін.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастап, алғашқы күннің өзінде 8 жүлде еншілеп отыр.