АҚШ-та өткен RAF 11 турнирінің басты белдесуінде Колби Ковингтон Арман Царукянды 5:3 есебімен жеңіп, ұйым тарихындағы алғашқы RAF Crossover чемпионы атанды.
Мәтін:
АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен RAF 11 турнирінің басты кездесуінде UFC жұлдыздары Колби Ковингтон мен Арман Царукян күрес ережесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы күрестің алғашқы кезеңінде Ковингтон басымдық танытып, Царукянға берілген ескерту мен қарсыласының сәтсіз шабуылынан кейін ұпай алып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Екінші кезеңде Царукян есеп айырмасын қысқартып, алғашқы екі ұпайына қол жеткізгенімен, үзіліске дейін Ковингтон тағы екі ұпай еншілеп, 5:2 есебімен алға шықты.
Соңғы кезеңде Царукян бар күшін салып, бір ұпай қайтарды. Алайда Ковингтон сауатты қорғанып, кездесуді 5:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осы жеңістің арқасында Колби Ковингтон RAF Crossover ауыр салмақтағы алғашқы чемпион атанса, Арман Царукян кәсіби RAF лигасындағы жеті жеңістен кейінгі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Кештің қосалқы басты белдесуінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммад Bellator және ONE ұйымдарының экс-чемпионы Бен Аскренді 6:3 есебімен жеңді.
Сондай-ақ турнирде Люсия Лопес, Арсен Арутюнян, Магомед Рамазанов, Майкл Калиендо, Фрэнки Эдгар, Трент Хидлей, Аделин Грей, Зак Браунагель, Энтони Кассиоппи және Киган О'Тул жеңіске жетті.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!