Жапонияның Хиросима қаласында өткен RIZIN FF — Landmark Vol. 15 турнирінде қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы файтер Қаршыға Дәутбек (19-3) жергілікті спортшы Кейхей Хагиварамен (9-12) кездесті.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Қаршыға алғашқы раундтың өзінде жойқын соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберіп, айқын жеңіске жетті.

Осылайша Дәутбек кәсіби мансабындағы 19-жеңісін тіркесе, Хагивара ММА-дегі 12-жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Қаршыға Дәутбек соңғы рет 2025 жылдың 31 желтоқсанында RIZIN турнирінде жапониялық Юта Кубомен кездескен болатын. Алайда бірінші раундта қарсыласының көзге саусақ тығуына байланысты қазақстандық файтер жекпе-жекті жалғастыра алмай, кездесу өтпеген жекпе-жек (No Contest) деп танылған еді.

Бұл жеңіс арқылы Қаршыға Дәутбек RIZIN ұйымындағы жарқын камбэгін жасап, жеңіс жолына қайта оралды.