Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде еншіледі.

Алтын медаль иегерлері:

  • Ролан Қайырғали (-66 кг)
  • Айнара Сейітжанова (-48 кг)
  • Нұрбала Зайнул (-52 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Ерасыл Ержанов (-66 кг)
  • Мұхамедали Закиров (-73 кг)
  • Дамеля Асылханова (-63 кг)

Қола жүлдегерлер:

  • Айзат Наукенова (-48 кг)
  • Айдана Абиханова (-63 кг)

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Азия чемпиондары атанғандар:

  • Гүлсезім Тұрлыбек (-78 кг)
  • Санжар Ерұланұлы (-100 кг)

Күміс жүлдені Руслана Махатова (+78 кг) иеленсе, Шынар Бітімбай (-70 кг) қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Амманда өткен құрлықтық додаға 20 елден 173 жас татами шебері қатысты.