Бұл туралы The Ring басылымына берген сұхбатында Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери мәлімдеді.
Оның айтуынша, орта салмақта бос қалған WBO титулы ұйымның уақытша чемпионы Дензел Бентлиге өтеді. Жақын арада WBO британдық боксшыға міндетті қарсыласын тағайындайды.
Екінші орта салмақта қазіргі таңда WBO чемпиондық белбеуінің иегері — британдық Хамза Шираз. WBO ережесіне сәйкес, қазіргі чемпион келесі салмақ дәрежесіне көтерілген жағдайда бірден титулдық жекпе-жекке шығу құқығына ие болуы мүмкін.
Әзірге Оливьери Жәнібектің бұл мүмкіншілікті пайдаланатынын нақтылаған жоқ. Дегенмен, Әлімханұлы мен Шираз арасындағы ықтимал жекпе-жек әбден мүмкін.
Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін орта салмақта кездесуі мүмкін еді. Алайда сол кезде Хамза Шираз WBC белбеуі үшін Карлос Адамеспен жұдырықтасуды таңдаған болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!