Ерлер құрамасы

Ерлер арасында Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар (60 кг), Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов (66 кг), Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Марат Байқамуров (100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) бақ сынайды.

Әйелдер құрамасы

Әйелдер арасында Дана Әбдірова (57 кг), Ажар Асхат (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Аида Тойшыбекова (+78 кг) Қазақстан намысын қорғайды.

Лозаннадағы Grand Slam турнирі 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу аясындағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Айта кетейік, бұған дейін Ұлан-Батырда өткен Grand Slam кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалған еді.