OCTAGON 89 турнирінің басты айқасынды қазақстандық Данияр Оңғар (12-3) тәжікстандық Муибшо Гулобовпен (9-4) октагонға шықты.

Бес раундқа созылған тартысты айқастың қорытындысы бойынша төрешілердің басым дауысы жеңісті Данияр Оңғарға берді.

Осылайша, қазақстандық файтер жартылай жеңіл салмақта OCTAGON лигасының абсолютті чемпионы атанып, кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Муибшо Гулобов кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.