Тәшкенбай бірінші жеңіл салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің 35-орнына жайғасты.
Бұл салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы — жапониялық Сёкити Ивата. Ал рейтингтің алғашқы үштігінде Таиланд өкілі Нокаут Си-Пи Фрешмарт, доминикандық Эрик Роса және филиппиндік Реджи Суганоб тұр.
Еске салайық, Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 тамыз күні Астанада өткізді. Қазақстандық боксшы филиппиндік Нил Джакамосты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Бұл жеңістің арқасында Ташкенбай кәсіпқой мансабын сәтті бастап қана қоймай, бірінші жеңіл салмақтағы WBA Asia өңірлік белбеуін де жеңіп алды.
Осылайша, Санжар Тәшкенбайдың кәсіпқой бокстағы рекорды әзірге 1-0 (0 КО). Сонымен қатар қазақстандық боксшы енді әлемдегі ең ірі төрт бокс ұйымының бірі саналатын WBC рейтингінде ресми түрде тіркелді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!