Әлем біріншілігі Әзірбайжан астанасы Бакуде 4-11 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық дзюдошылар жекелей сында және аралас командалық жарыста бақ сынайды.
Ерлер арасында Қазақстан атынан келесі спортшылар қатысады:
-60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
-66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
-81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
-90 кг: Данил Крылов
Әйелдер арасында:
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-78 кг: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы аралас командалық жарысқа да қатысады.
Ерлер: Ерсұлтан Дүйсенхан (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Ермахан Ануарбеков (-90 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+90 кг).
Әйелдер: Дина Мұханбет (-57 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Асхат Ажар (-70 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).
Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі. Әлем чемпионатына дейін спортшылар құрамында өзгерістер болуы мүмкін.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!