Британдық компания жекпе-жекті өткізу үшін 1 001 809 доллар ұсынды. Бұл Top Rank компаниясының 820 мың долларлық ұсынысынан жоғары болды.
Осылайша, Шираздың WBO белбеуін Әлімханұлына қарсы міндетті қорғауын ұйымдастыру құқығы Queensberry компаниясына өтті. Бұған дейін WBO қазақстандық боксшыны британдық чемпионның міндетті қарсыласы ретінде бекіткен еді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жекпе-жекті өткізу 2026 жылдың 28 қарашасы немесе 5 желтоқсаны жопарланып отыр. Басты ықтимал алаң ретінде Лондон, Бирмингем және Нью-Йорк аталып отыр. Жекпе-жектің нақты күні мен орны кейінірек анықталады.
Промоутерлік сауда шарттарына сәйкес, жүлде қорының 75 пайызы чемпионға, ал 25 пайызы міндетті үміткерге тиесілі болады. Осылайша, Queensberry ұсынған сома бойынша Шираз шамамен 751 мың доллар, ал Әлімханұлы шамамен 250 мың доллар алады.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы ресми жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткізіп, Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген. Осыдан кейін қазақстандық боксшы екінші орта салмаққа көтеріліп, WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақта чемпиондыққа міндетті үміткер атанда.
Ал Хамза Шираз WBO чемпионы атанып, 2026 жылдың мамырында Алем Бегичті жеңді. Шілде айында британдық боксшы титулын алғаш рет қорғап, Симон Захенхуберден басым түсті.
Енді Queensberry компаниясы Әлімханұлы мен Шираз арасындағы міндетті титулдық жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орнын белгілеуі тиіс.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!