Жекпе-жек Сан-Диегода (АҚШ) өтетін бокс кешінің басты айқастардың бірі болуы тиіс еді. Алайда ресми өлшеу рәсіміне аз уақыт қалғанда Рамостың кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, америкалық боксшы кенеттен ауырып қалған. Рамосқа бейсенбі күні медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Бүгін ол ауруханадан шығарылғанымен, дәрігерлер спортшыға жекпе-жекке қатысуға рұқсат бермеген.
Premier Boxing Champions өкілдері Рамос – Нұрсұлтанов жекпе-жегінің басқа күнге ауыстырылатынын хабарлады. Кездесудің жаңа күні әзірге белгісіз.
Бұл жекпе-жек Нұрсұлтанов үшін үш жылға жуық үзілістен кейінгі алғашқы кездесу болуы тиіс еді. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында рингке шығып, чилилік Хулио Аламосты жеңген.
Рамос та ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Америкалық боксшы өткен жылдың желтоқсанында Шейн Мосли кішіді төрешілер шешімімен жеңіп, WBC-нің уақытша чемпиондық белбеуін иеленген болатын. Содан бері рингке шыққан жоқ.
Айта кетейік, Сан-Диегодағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Исаак Крус пен Нестор Браво бірінші жартылай орта салмақтағы WBC-нің уақытша чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуы тиіс.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!