Айтқұлдың қарсыласы бразилиялық Майкон Алсино (15-8-1). Жекпе-жек 67 келіге дейінгі аралық салмақ дәрежесінде өтіп, үш раундқа жоспарланған еді.

Алайда бразилиялық спортшы екінші раундта қылқындыру әдісін қолданып, қазақстандық файтерді берілуге мәжбүр етті. 

Осылайша, Майкон Алсино кәсіби ММА-дегі 16-шы жеңісіне қол жеткізсе, Сұңдет Айтқұл үшінші рет жеңіліс тапты.

Бұл жеңіліске дейін қазақстандық спортшы қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Айтқұл соңғы рет 2024 жылдың сәуір айында қарсыласына есе жіберген еді.