2013 жылы Финляндияда өткен Gee-Bee халықаралық турнирінде Мбилли Әлімханұлын төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген. Бұл туралы Westfighting Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, арада бірнеше жыл өткен соң қос боксшы да кәсіпқой бокста жоғары деңгейге көтерілді. 31 қазанда Кристиан Мбилли Эр-Риядта мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасты. Француз боксшысы 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп, WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуінен айырылды.

Ал Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға оралуы 2027 жылдың 23 қаңтарына жоспарланған. Қазақстандық боксшы Данияның Хорсенс қаласында жергілікті былғары қолғап шебері Якоб Банкпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша суперорта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.