Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Хвича Кварацхелия Мераб Двалишвили мен Саба Гоголадзеге қолдау білдірді.
Гүржілік футболшы отандастарына жасалған шабуылды айыптап, олардың қайсарлығын жоғары бағалады.
«Мераб, Саба! Рақмет сендерге! Біз сендермен біргеміз!
Сендер нағыз гүржі, нағыз ер-азамат және нағыз адам болудың қандай екенін бүкіл әлемге тағы бір мәрте көрсеттіңдер.
Сендерге қапыда, қорқау секілді шабуыл жасағандар ер-азаматқа жат әрекетке барды. Бірақ олардың ойы іске аспады. Гүржілерді бұлай жеңе алмайды!» – деді Кварацхелия.
Осылайша, ПСЖ жұлдызы отандастарына қолдау білдіріп, шабуыл жасағандардың әрекетін сынға алды.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!