#ММА
Қазақстандық файтер Бағдас Олжабай ACA 205 турнирінде Шамиль Басаевқа қарсы жекпе-жекте бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліске ұшырады.
Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан ACA 205 турнирінде Ахмед Гакиевке қарсы өткен жекпе-жекте төрешілердің басым дауыспен шығарған шешімімен жеңіліске ұшырады. Жекпе-жек барысында оның оң қолы жарақат алды.
Қазақстандық файтер Ерасыл Шұқатаев ACA 205 турнирінде Магомед Сардаловқа қарсы үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліске ұшырады.
Этникалық қазақ файтер Тайлақ Нұражының келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды.
UFC рейтингінің төртінші нөмірі Брэндон Ройвал октагонға жақын арада қайта оралып, Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуге ниетті.
UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде төртінші орында тұрған Брэндон Ройвал қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
UFC 329 турнирінде Макс Холлоуэй мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек күтпеген жерден аяқталды. Ирландиялық файтер аяғынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады.
PFL ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Усман Нурмагомедов UFC 330 турнирінде өтетін Ислам Махачев пен Иэн Мачадо Гарри арасындағы чемпиондық жекпе-жек туралы ойын айтты.
UFC ресми рейтингтердің жаңа дәуірін бастады. Енді рейтингтерді журналистердің дауыс беруі емес, Meta компаниясымен бірлесіп жасалған алгоритм қалыптастырады.
Қазақстан UFC-мен келісімге келуге жақын болғанымен, соңғы кезеңде келіссөздер тоқтап қалды. Ал Өзбекстан басшылығы Дана Уайтпен кездесіп, тарихи турнирді өз жерінде өткізу мүмкіндігін талқылауда.