#ММА
Қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников (14-8) UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегін жеңіліс көрмеген америкалық Рональд Хамфриге (5-0) қарсы өткізеді.
Қазақстандық ММА файтері Сүндет Айтқұл (13-2) UAE Warriors 74 турнирінде жеңіліске ұшырады. Аралас жекпе-жек кеші Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтті.
Өзбекстандық жауынгер Рамазан Темиров UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне таласуды көздейді. Ол бұл мақсатқа жету үшін UFC 333 турнирінде Лонер Каванаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.
Bellator ұйымының бұрынғы басшысы Скотт Кокер негізін қалаған Ki MMA жаңа промоушені аралас жекпе-жек ережелеріне өзгеріс енгізуді ресми түрде сұрады. Ұйым аты аңызға айналған жапондық PRIDE промоушенінің ережелеріне ұқсас, партердегі қарсыластың басынан тіземен ұруға рұқсат беруді ұсынып отыр.
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Жозе Алдо Мовсар Евлоевтің (20-0) өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді. Бұған дейін ресейлік файтер Алдоның допингке қарсы тексерулер күшейгенге дейін ғана мықты болғанын мәлімдеген еді.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янның баспасөз мәслихатындағы арандатушылық сөздеріне неге жауап бермегенін түсіндірді. Гүржілік файтер қарсыласын жекпе-жекте жеңіп, тәубесіне түсіретінін мәлімдеді.
Грузиялық файтер климатқа бейімделу үшін ертерек барудың қажеті жоқ деп есептейді.
UFC президенті Дана Уайт ұйымнан жеңіліс көрмеген Фарид Башараттың кетуіне қатысты пікір білдіріп, мұндай шешімнің өзіндік себептері бар екенін мәлімдеді.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Петр Янға қарсы жекпе-жекте бапкерлерінің күтпеген нұсқауы өзін шатастырғанын мәлімдеді.
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра (37-11) чемпиондық белбеу үшін тағы бір мүмкіндік алуды көздеп отыр. Бразилиялық файтер өзінің танымалдығының арқасында Арман Царукяннан бұрын титулдық жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтты. Желтоқсан айында UFC 335 турнирінде Оливейра Диего Лопеспен кездеседі. Бұл жекпе-жекте BMF белбеуі сарапқа салынады.