#NAIZA
Жансерік Жақсығұлұлы NAIZA 85 турнирінің басты жекпе-жегінде Мири Садыговтан бірінші раундта жеңіліп қалды. Садыговқа жеңіске жету үшін небәрі 85 секунд қажет болды.
Еламан Саясатов Болат Заманбековпен өткен реваншта қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, NAIZA лигасының 57 кг салмақтағы абсолютті чемпионы атанды. Олардың алғашқы кездесуі Саясатовтың дисквалификациясымен аяқталған еді.
NAIZA лигасы Жұман Жұмабеков пен Әнуарбек Мотиватор арасындағы жекпе-жекті ресми растады. Қос файтер қараша айында Қарағандыда өтетін NAIZA турнирінде кездеседі.
UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Азат Мақсұм араға бір жылға жуық уақыт салып октагонға қайта оралып, NAIZA 85 турнирінде ирандық Али Юсефиді техникалық нокаутпен жеңді.
NAIZA Camp Reality жеңімпазы Еркебұлан Сейсенбаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. 70 келіде өнер көрсететін қазақстандық файтердің рекорды — 4-2.
NAIZA 85 турнирінде қазақстандық жас файтерлер жарқын өнер көрсетіп, жанкүйерлер назарын аударды. Төрт проспект те қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді.
8 тамыз күні Қытай астанасы Бейжіңде тарихи NAIZA DIAMOND FIGHT NIGHT турнирі өтеді. Бұл – қазақстандық лига тарихында алғаш рет Қытайда ұйымдастырылатын турнир. Кештің басты үш айқасы чемпиондық жекпе-жек болмақ және де Қазақстан мен Қытай спортшылары арасындағы халықаралық жекпе-жек, одан қалды Фаниль Рафиковтың UFC ардагері Глейсон Тибауға қарсы кездесуі болады.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Бекжан Әбілқасым NAIZA лигасындағы алғашқы титул қорғауын сәтті өткізіп, қарсыласын екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Yerengaipov Top Team өкілі Сайхан Джемухаев қысқа уақыт ішінде жекпе-жекке шығып, Мирас Шантасовты жеңіп, NAIZA чемпионы атанды.
Қытайлық файтер Салауат Қали NAIZA 84 турнирінде Ғалымжан Жаслановты техникалық нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы MBT титулын иеленді.