UFC Abu Dhabi турнирінің басты кездесуінде ресейлік Магомед Анкалаев (21-2-1, 1 NC) өзбекстандық Богдан Гуськовпен (18-4-1) кездесті.

Бес раундқа жоспарланған айқас соңғы раундтың 2:41 минутында аяқталды. Анкалаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, алдыңғы жекпе-жектегі сәтсіздігінен кейін қайтадан жеңіс жолына түсті.

Осылайша, Магомед Анкалаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Богдан Гуськовтың төрт жеңіс пен бір тең нәтижеден тұрған жеңіліссіз сериясы үзілді.
 

UFC Abu Dhabi турнирінің нәтижелері

  • Магомед Анкалаев қарсыласы Богдан Гуськовтың техникалық нокаутпен жеңді: TKO (5-раунд, 2:41)
  • Рамазан Теміров қарсыласы Стив Эрцегті нокаутпен жеңді: KO (1-раунд, 4:21)
  • Магомед Зайнуков қарсыласы Дамиан Жепецкийді төрешілердің шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (30-27, 30-27, 30-27)
  • Ризван Куниев қарсыласы Тайрелл Форченді техникалық нокаутпен жеңді: TKO (3-раунд, 1:12)
  • Абубакар Вагаев қарсыласы Сайгид Изагахмаевті төрешілер шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (29-28, 29-28, 29-28)
  • Вальтер Уокер қарсыласы Томас Петерсенді аяқты ауырту әдісімен жеңді: calf slicer әдісімен (1-раунд, 1:32)
  • Мухаммад Саидов қарсыласы Дастин Джейкобиді техникалық нокаутпен жеңді: TKO (2-раунд, 4:49)
  • Сэм Паттерсон қарсыласы Сантьяго Понзиниббионы техникалық нокаутпен жеңді: TKO (2-раунд, 3:06)
  • Аксель Сола қарсыласы Исмаэль Бонфимді қылқындыру әдісімен жеңді: D'Arce choke әдісімен (1-раунд, 4:44)
  • Магомед Тучалов қарсыласы Брендсон Рибейроны төрешілер шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (29-28, 29-28, 29-28)
  • Нурулло Әлиев қарсыласы Майк Дэвисті төрешілердің шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (30-27, 30-27, 30-27)
  • Абдул Хуссейн қарсыласы Коди Гибсонды қылқындыру әдісімен жеңді: arm-triangle choke әдісімен (3-раунд, 3:07)

Ислам Дулатов пен Веллингтон Турман арасындағы жекпе-жек Дулатовтың денсаулығына байланысты өтпей қалды.

UFC Abu Dhabi бонустары ($100 000)

Кештің үздік жекпе-жегі:
Ризван Куниев – Тайрелл Форчен

Кештің үздік өнер көрсеткендер:

  • Рамазан Теміров
  • Вальтер Уокер

Сондай-ақ мерзімінен бұрын жеңіске жеткен, негізгі бонусты алмаған және салмақ өлшеуден сәтті өткенн барлық файтерге 25 000 доллардан сыйақы беріледі.