UFC Abu Dhabi турнирінің басты кездесуінде ресейлік Магомед Анкалаев (21-2-1, 1 NC) өзбекстандық Богдан Гуськовпен (18-4-1) кездесті.
Бес раундқа жоспарланған айқас соңғы раундтың 2:41 минутында аяқталды. Анкалаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, алдыңғы жекпе-жектегі сәтсіздігінен кейін қайтадан жеңіс жолына түсті.
Осылайша, Магомед Анкалаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Богдан Гуськовтың төрт жеңіс пен бір тең нәтижеден тұрған жеңіліссіз сериясы үзілді.
UFC Abu Dhabi турнирінің нәтижелері
- Магомед Анкалаев қарсыласы Богдан Гуськовтың техникалық нокаутпен жеңді: TKO (5-раунд, 2:41)
- Рамазан Теміров қарсыласы Стив Эрцегті нокаутпен жеңді: KO (1-раунд, 4:21)
- Магомед Зайнуков қарсыласы Дамиан Жепецкийді төрешілердің шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (30-27, 30-27, 30-27)
- Ризван Куниев қарсыласы Тайрелл Форченді техникалық нокаутпен жеңді: TKO (3-раунд, 1:12)
- Абубакар Вагаев қарсыласы Сайгид Изагахмаевті төрешілер шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (29-28, 29-28, 29-28)
- Вальтер Уокер қарсыласы Томас Петерсенді аяқты ауырту әдісімен жеңді: calf slicer әдісімен (1-раунд, 1:32)
- Мухаммад Саидов қарсыласы Дастин Джейкобиді техникалық нокаутпен жеңді: TKO (2-раунд, 4:49)
- Сэм Паттерсон қарсыласы Сантьяго Понзиниббионы техникалық нокаутпен жеңді: TKO (2-раунд, 3:06)
- Аксель Сола қарсыласы Исмаэль Бонфимді қылқындыру әдісімен жеңді: D'Arce choke әдісімен (1-раунд, 4:44)
- Магомед Тучалов қарсыласы Брендсон Рибейроны төрешілер шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (29-28, 29-28, 29-28)
- Нурулло Әлиев қарсыласы Майк Дэвисті төрешілердің шешімімен жеңді: бірауыздан шешіммен (30-27, 30-27, 30-27)
- Абдул Хуссейн қарсыласы Коди Гибсонды қылқындыру әдісімен жеңді: arm-triangle choke әдісімен (3-раунд, 3:07)
Ислам Дулатов пен Веллингтон Турман арасындағы жекпе-жек Дулатовтың денсаулығына байланысты өтпей қалды.
UFC Abu Dhabi бонустары ($100 000)
Кештің үздік жекпе-жегі:
Ризван Куниев – Тайрелл Форчен
Кештің үздік өнер көрсеткендер:
- Рамазан Теміров
- Вальтер Уокер
Сондай-ақ мерзімінен бұрын жеңіске жеткен, негізгі бонусты алмаған және салмақ өлшеуден сәтті өткенн барлық файтерге 25 000 доллардан сыйақы беріледі.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!