UFC-дің қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов Йен Мачадо Гэрриге қарсы жекпе-жекке дейін тізесіндегі жарақаты қатты мазалағанын айтты.

«Номадтың» сөзінше, қазіргі уақытта октагонға оралуына кедергі келтіріп отырған тізе жарақатын ол Гэрримен өткен кездесуде алмаған. Бұл жарақат жекпе-жекке дейін болған және айқасқа екі апта қалғанда жағдайы айтарлықтай нашарлаған.

«Менде Гэрримен жекпе-жекке дейін жарақат болды. Бірақ оған дейін денсаулығыма байланысты бір жыл төбелеспегендіктен, бәрібір октагонға шығуды шештім. Жекпе-жекке екі апта қалғанда ескі жарақатым қатты мазалай бастады. Аяғым ісіп кетті. Ол сол тіземе тепкен кезде, тіпті соққыларын сезбедім.

Мұндай жарақатпен мен Гэрриге қарсы мүлдем шықпауым керек еді. Бірақ тәуекелге бардым — нағыз қазақша шешім. Қазақтар тәуекелшіл, қорықпайды. Егер менің орнымда дағыстандық файтерлердің бірі — Хабиб немесе Ислам Махачев болғанда, олар міндетті түрде жекпе-жектен бас тартар еді

Тіпті, мен Джефф Нилмен төбелескен кезде, ол 2 кг салмақ жасай алмаған еді. Ал енді айтыңдаршы!! Кім ешкімнен қорықпайды?! Бәрімен төбелесе береді. Сондай адам болса, айтыңдаршы! Бәрі шықпай қалады. Ол бір бөлек, топ-15 ке кірмейтіндердің өзі төбелесуге қорқады. Мен сол кезде тәуекел болғанның өзінде айқасқа шықтым. 2 кг салмақ айырмашылық болды...

Бір жағынан гонорар алу үшін, екінші жағынына октагонға шықпағаныма да көп болып еді. Төбелесу керек болды. Менің айқасымды халқым күтіп отырды. Бізде сондай жауапкершілік, сондай түсінік бар. Қорқып, шықпай қалу деген түсінік атымен жоқ. Мұндай нәрсеге 80-90% файтерлер шықпай қалатын еді.», — деді Рахмонов Альфредо Аудитореге берген сұхбатында.

Осылайша, Шавкат Гэрридің оның ұзақ уақыт октагонға оралмауына олардың жекпе-жегі себеп болды деген пікірін жоққа шығарды.

Бұған дейін Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев үшін өзін ең қауіпті қарсылас санайтынын да мәлімдеген болатын.

Алдын ала ақпарат бойынша, Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы 2027 жылдың басына жоспарланған.