#Шавкат Рахмонов
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың шеберлігін дивизионның өзге де үздік өкілдері — бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралеске қарсы салыстырды.
UFC BJJ лигасында өнер көрсететін қазақстандық грэпплер Азамат Бақытов Шавкат Рахмонов жарақатынан айыққаннан кейін оның жаттығу лагеріне қосылып, күрес жағынан көмектесетінін айтты.
Шавкат Рахмонов Йен Мачадо Гэрриге қарсы жекпе-жекке тізесіндегі ауыр жарақатпен шыққанын айтып, Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев оның орнында болса, кездесуден бас тартар еді деп мәлімдеді.
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевті жеңу үшін қандай артықшылығын пайдаланатынын айтты.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы титулына үміткер Йен Мачадо Гәрри Ислам Махачевті жеңген жағдайда кімдермен жұдырықтасқысы келетінін айтты.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы титулына үміткер Йен Гэрри өзінің бұрынғы қарсыластарын Ислам Махачев соңғы жекпе-жектерінде кездескен спортшылардан қауіпті деп санайтынын айтты.
DAR TEAM командасының бас бапкері және Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық UFC жауынгерінің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.
UFC-де жеңілмеген эквадорлық файтер Майкл Моралес қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытатынын аңғартты.
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов өзінің қазіргі жағдайы туралы ашық айтып, жарақаттан кейінгі қалпына келу процесін жалғастырып жатқанын жеткізді.
Атақты қазақстандық UFC жауынгері Шавқат Рахмонов 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақ ойындарының» басты жұлдыздарының біріне айналуы мүмкін. Ұйымдастырушылар оның турнирге қатысуы туралы келіссөздерді белсенді жүргізуде.