Пратес бұл туралы Laerte Viana YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, UFC бастапқыда жеңілмеген Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралесті бір-біріне қарсы шығаруды жоспарлаған.
Алайда кейін UFC басшылығы Моралесті жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекке қойған. Бұған дивизиондағы жағдай әсер еткен болуы мүмкін. Иэн Гэрри соңғы жекпе-жегінде жеңіліп, титулды айқасқа лайықты үміткерлер қатары азайған.
Нәтижесінде Майкл Моралес пен Карлос Пратес арасындағы кездесу ресми түрде жарияланды. Олар 2027 жылдың 30 қаңтарында Торонтодағы Scotiabank Arena аренасында UFC 336 турнирінің қосалқы жекпе-жегінде уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе жек өткізеді.
Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың 7 желтоқсанында UFC 310 турнирінде октагонға шығып, Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Қазақстандық файтердің кәсіби мансабындағы көрсеткіші — 19 жеңіс, жеңіліс жоқ.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!