NAIZA лигасы ресми түрде Балғын Жеңісұлы мен Николай Самусев арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады. Себеп — чемпион Балғын Жеңісұлының салмақ лимитін орындай алмауы.
Осыған байланысты NAIZA 84 турнирінің басты айқасы өзгертілді. Енді кештің main event жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Бекжан Әбілқасым мен тәжірибелі Бердібек Сиражов октагонға шығады.
Айта кетейік, бастапқыда Балғын Жеңісұлы бұл турнирде өзінің чемпиондық белбеуін қорғауы тиіс болған. Алайда салмақ мәселесіне байланысты айқас ресми түрде тоқтатылды.
NAIZA 84 турнирі бүгін Ақтау қаласында өтеді. Кеш аясында бірнеше титулдық және аса қызықты жекпе-жектер жоспарланған.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!