NAIZA лигасының чемпионы Балғын Жеңісұлы Николай Самусевпен болған жағдайға қатысты өз ойын айтты. Оның сөзінше, қарсыласы бастапқыда келісім бергенімен, кейін лига тарапынан рұқсат болмаған.

«Мен оған хабарласқанда, бірден келісті. Екеуміз бірге айтайық, екеуміз шығатын болып келістік. Бірақ лига бізге қатаң болып рұқсатын бермеді», — деді Балғын.

Сондай-ақ чемпион Николай Самусевке арнайы үндеу жасап, Қытайда өтуі мүмкін жекпе-жекке тоқталды.

«Николайға келсек, осы 8 айда NAIZA Қытайда өтетін болып жатыр. Егер Қытайда өтіп жатса, Қытайда күтетін боламын. Сен де менің күнімді кешіп, 7-8 мың км жол жүріп Қытайға барып менімен шықсаң, сонда көретін боласың кімнің нағыз чемпион екенін…», — деді Балғын Жеңісұлы.