Ақтау қаласында өтіп жатқан NAIZA 84 турнирінде ауыр салмақтағы қызықты жекпе-жек өтті. Этникалық қазақ Салауат Қали қазақстандық тәжірибелі файтер Ғалымжан Жаслановпен, жанкүйерлерге «Галым ТТ» лақап атымен танымал спортшымен октагонда жолықты.

«Halyk Arena» спорт кешенінде ұйымдастырылған айқаста MBT (Media Batyr Title) чемпиондық белбеуі сарапқа салынды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Салауат Қали алғашқы минуттардан бастап жоғары қарқын ұсынып, қарсыласына ауыр соққылар сериясын дарытты. Нәтижесінде төреші айқасты тоқтатып, этникалық қазақ спортшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Салауат Қали ауыр салмақтағы MBT белбеуінің жаңа иегері атанды. Ал Ғалымжан Жасланов кәсіби мансабындағы кезекті жеңілісіне ұшырады.