Ақтауда өткен NAIZA 84 турнирінде супер жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек өтті. Октагонда қазіргі чемпион Бекжан Әбілқасым мен титулға үміткер Бердібек Сиражов кездесті.
Айқас толықтай чемпионның бақылауында өтті. Бекжан алғашқы минуттардан бастап қарқынын көрсетіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жекпе-жекті екінші раундта мерзімінен бұрын аяқтап, айқын жеңіске жетті.
Осылайша, Бекжан Әбілқасым кәсіби мансабындағы алғашқы чемпиондық титул қорғауын сәтті өткізді. Бұл жеңіс оның рекордын мінсіз 7-0 көрсеткішіне жеткізді.
Жеңіліссіз сериясын жалғастырып келе жатқан Бекжан өз дивизионындағы көшбасшылық орнын одан әрі нығайтып, NAIZA ұйымындағы ең мықты файтерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!