Қытайдағы этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (12-1-0-1) 28 тамызда Шанхайда өтетін Road to UFC 5 турнирінде америкалық Дарриус Флауэрспен (13-8-1) кездеседі. Жеңіл салмақтағы айқас кештің басты жекпе-жегі болмақ.

Бұл Тайлақтың 70 келіге дейінгі жеңіл салмақта өткізетін алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін ол 77 келіге дейінгі жартылай орта салмақта өнер көрсеткен. UFC-дегі дебютін жарқын жеңіспен бастаған Тайлақ, кезекті мақсатын жол тартты.

Road to UFC — Азияның үздік ММА проспектілері UFC келісімшарты үшін сынға түсетін турнирлер сериясы. Ал Тайлақ UFC-мен келісімшартқа қол қойып үлгерген және промоушендегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Шанхайдағы кардта UFC келісімшарты үшін тағы бір этникалық қазақ Әкежан Әлинұр және қырғызстандық Фарида Абдуева да өнер көрсетеді.