Ұлттық құрама жарыс жолын сәтті бастап, ширек финалда Марокко командасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандық таеквондошылар Ресей құрамасымен кездесіп, тартысты бәсекеде 2:1 есебімен басым түсті.

Финалда Қазақстан командасы Қытай құрамасына қарсы өнер көрсетті. Нәтижесінде 0:2 есебімен жеңіліс тапқанымен, отандастарымыз командалық әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов ел намысын қорғады.