Қазақстандық спортшылар жарыс барысында жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, әлемнің үздік командаларының қатарынан көрінді. Нәтижесінде ұлттық құрама турнирді үшінші орынмен аяқтап, халықаралық додадағы кезекті жүлдесін қоржынға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 АҚШ
🥈 Оңтүстік Корея
🥉 Қазақстан
🥉 Аустралия

Бұл қола медаль – қазақстандық жасөспірімдердің халықаралық аренадағы табысты өнерінің тағы бір дәлелі әрі елдегі таеквондоның болашағы зор екенін көрсететін нәтиже.