Турнир чемпиондары атанғандар: Шахризода Акрамова (44 келіге дейін), Нұрайым Бақытжанқызы (55 келіге дейін), Любовь Юн (68 келіге дейін), Азим Талғатов (45 келіге дейін), Әлинұр Еркін (59 келіге дейін), Наурызбек Нұрғазиев (68 келіге дейін) және Аманай Құралбаев (+78 келі).
Күміс жүлдені Аяру Есенғали (42 келіге дейін), Сабина Турутулова (+68 келі), Бағдат Амангелдиев (48 келіге дейін), Павел Эм (63 келіге дейін), Тимур Рахпанов (73 келіге дейін) және Жанторе Сағынғали (78 келіге дейін) иеленді.
Қола жүлдегерлер қатарында Элеанора Шералы (55 келіге дейін), Жанна Палмахова (55 келіге дейін), Милана Мұханова (59 келіге дейін), Аяжан Танжарық (63 келіге дейін), Нурила Жарас (68 келіге дейін), Аяна Жетес (68 келіге дейін), Марсело Лопес, Тілеубай Әбділ (63 келіге дейін) және Бекбау Махамбетәлі (78 келіге дейін) бар.
Чунчхонда өткен бұл жарыс Қазақстан жастар құрамасының халықаралық деңгейдегі жоғары дайындығын және таеквондо спорты бойынша әлеуетінің зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!