Уайттың сөзінше, «келесі Конор Макгрегор кім болады?» деген сұрақты жиі естиді. Алайда ол мұндай деңгейдегі екінші спортшы ешқашан болмайтынына сенімді.

«Конор тек UFC үшін ғана емес, жалпы әлемдік спорт үшін революциялық тұлғаға айналды. Мен ондай адамдарды бірегей құбылыс ретінде қабылдаймын. Көпшілік менен келесі Макгрегор кім болады деп сұрайды. Бірақ екінші Конор ешқашан болмайды», — деді Уайт The Pivot Podcast бағдарламасына берген сұхбатында.

Сонымен бірге UFC басшысы болашақта промоушенде әлемдік деңгейдегі жаңа жұлдыздардың шығатынына күмән келтірмейді. Оның пікірінше, олар да спорттың дамуына үлкен ықпал етеді, алайда олардың жолы Макгрегордікін қайталамайды.

«Барлығы дұрыс уақытқа, дұрыс сәтке және өзін дұрыс таныта білуге байланысты. Жаңа супержұлдыздар міндетті түрде пайда болады, бірақ екінші Конор Макгрегор болмайды», — деп түйіндеді Уайт.