UFC Abu Dhabi турнирінде тәжікстандық Нурулло Әлиев (12-0) америкалық Майк Дэвиспен (12-4) кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан (30-27, 30-27, 30-27) Әлиевке берді.

Осылайша, Нурулло Әлиев кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі көрсеткішін 4-0-ге жеткізді. Ал Майк Дэвис соңғы үш жекпе-жегіндегі екінші жеңілісіне ұшырады.