UFC Abu Dhabi турнирінде ауыр салмақтағы Вальтер Уокер (16-1) америкалық Томас Петерсенмен (11-5) кездесті.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Уокер қарсыласын аяқты ауырту әдісімен жеңіп, қатарынан бесінші рет алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, бразилиялық файтер кәсіби мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі көрсеткішін 5-1-ге жеткізді. Ал Томас Петерсен 2023 жылдан бері екі жеңісті қатарынан тіркей алмай келеді.