UFC Abu Dhabi турнирінде Магомед Зайнуков (9-0) октагонға алғаш рет шығып, поляк файтері Дамиан Жепецкимен (10-1) кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан (30-27, 30-27, 30-27) Зайнуковқа берді.
Осылайша, ресейлік файтер кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі дебютін сәтті өткізді. Ал Дамиан Жепецки үшін бұл да UFC-дегі алғашқы жекпе-жек болды және ол кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жанкүйерлер Магомед Зайнуковты әзіл ретінде «Джон Порк» деп атайды. Бұған оның түр-тұлғасының интернетте кең таралған мем кейіпкері John Pork-қа ұқсастығы себеп болған. Бұл лақап ат соңғы уақытта MMA жанкүйерлері арасында кеңінен тарап кеткен.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!