UFC Abu Dhabi турнирінде Өзбекстан өкілі Рамазан Теміров (20-3) австралиялық Стив Эрцегпен (14-5) кездесті.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Теміров қарсыласын нокаутқа жіберіп, кәсіби мансабындағы 12-ші, ал UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұл жеңістің арқасында өзбек файтері ең жеңіл салмақта UFC рейтингінің ТОП-10 қатарына енуге басты үміткерлердің біріне айналды. Ал Стив Эрцегтің екі жекпе-жектен тұрған жеңісті сериясы тоқтады.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!