Екі спортшының үшінші кездесуі 24 қазан БАӘ-де өтетін UFC 333 турнирі аясында ұйымдастырылады. Бұған дейінгі екі жекпе-жектен кейін екеуінің арасы тең.

Жақында Умар Нурмагомедовты сенсациялық түрде жеңіп, чемпиондық жекпе-жекке үміткерлер қатарына қосылған Соң Ядоң алдағы кездесудің фавориті ретінде Петр Янды атады.

«Меніңше, жеңіске жету үшін Петрдің артықшылықтары көбірек», - деді қытайлық файтер.

Алайда өз болашағына келсек, Ядоң үшін Мераб Двалишвилидің жеңіске жеткені тиімдірек болуы мүмкін. Оның пікірінше, Мерабтың жеңісі оған чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке жылдам жол ашуы ықтимал.

«Мен Мерабтың жеңгенін қалаймын. Бірақ бәрібір Петрдің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын. Егер титулдық жекпе-жекті күтуге тура келсе, онда маған Марио Батистамен жекпе жек берсін. Бұл мен үшін айтарлықтай мәселе емес. Мен оны нокаутқа түсіре аламын», — деді Ядун.

Осылайша, Соң Ядоң Петр Янды Двалишвилимен болатын үшінші жекпе-жектің фавориті деп санайды. Алайда өзінің чемпиондық мүмкіндігі тұрғысынан Мерабтың жеңіске жеткенін қалайды.