Әлемнің үздік таеквондошылары бас қосатын додаға 46 елден 248 спортшы қатысады. Жарыста ерлер мен әйелдер арасында Олимпиада бағдарламасына кіретін сегіз салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Аталған Гран-при кезеңінде Қазақстан намысын алты спортшы қорғайды:

Әйелдер: Нодира Ахмедова, Айдана Құмартайева, Мария Севостьянова, Нұрай Хусаинова.

Ерлер: Дамир Шуленов, Ергеш Бекасыл.

Муджудағы жарыс биылғы World Taekwondo Grand Prix сериясының екінші кезеңі. Алғашқы кезең маусым айында Римде өткен болатын. Ал финалдық кезең Астанада өтеді.

Айта кетейік, Гран-при додасында әлемдік рейтингтің үздік спортшылары Олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша сынға түседі.