Кокердің жаңа жобасында оған бұрыннан таныс маман — матчмейкер Рич Чу көмектеседі.

Ki MMA-дің алғашқы турнирі 2027 жылдың басында АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтеді деп жоспарланған. Алғашқы шараның басты ерекшелігі — жартылай жеңіл салмақтағы Гран-при болмақ.

Жаңа промоушен қазіргі ММА-де қалыптасқан форматтан өзгеше бағыт ұстанбақ. Скотт Кокер жанкүйерлерге ММА-дің  «ескі мектебін» қайтаруды көздеп отыр.

Атап айтқанда, Гран-при форматында спортшылар бір кеште бірнеше жекпе-жек өткізуі мүмкін. Турнирлер екі немесе төрт кезеңнен тұратын, жеңілген спортшы жарыстан шығатын жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Ki MMA-дің тағы бір ерекшелігі — жекпе-жектер октагонда немесе торда емес, рингте өтеді.

Сонымен қатар Кокер жаңа ұйым тек басқа промоушендермен келісімшарты жоқ бос агенттермен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Дегенмен оның айтуынша, Ki MMA нарықтағы ең қымбат еркін агенттерді де шақыруға қаржылық мүмкіндігі бар.

Кокер алғашқы чемпионды анықтаудың ерекше жүйесін ойластырған.

Алдымен төрт құрлықта жеке-жеке Гран-при турнирлері өтеді:

  • Еуропа;
  • Азия;
  • Солтүстік Америка;
  • Оңтүстік Америка.

Әр құрлықтағы турнирдің жеңімпазы аймақ чемпионы атанып, шешуші бесінші Гран-приге жолдама алады.

Финалдық турнирде төрт құрлықтың чемпиондары өзара кездеседі. Осы жарыстың жеңімпазы Ki MMA ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы алғашқы чемпионы атанады.

Осылайша Скотт Кокер заманауи ММА-ді  «ескі мектеп» форматымен үйлестіріп, жанкүйерлерге ерекше турнир жүйесін ұсынуды жоспарлап отыр.