UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы рейтинг көшбасшысы Мовсар Евлоев октагонға оралу уақытына қатысты мәлімдеме жасады.
«Жаздың соңында ораламын. Және жаңа чемпион!» — деп жазды ресейлік файтер әлеуметтік желіде.
Жанкүйерлердің пікірінше, бұл сөздер оның UFC чемпионы Александр Волкановски қарсы титулдық жекпе-жекке шығатынын меңзеуі мүмкін.
Айта кетейік, Мовсар Евлоев соңғы жекпе-жегінде британдық Лерон Мерфиді төрешілер шешімімен жеңіп, UFC-дегі жеңіліссіз сериясын жалғастырған болатын.
Ал Александр Волкановски қаңтар айында Диего Лопеске қарсы чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалған еді.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!