UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы рейтинг көшбасшысы Мовсар Евлоев октагонға оралу уақытына қатысты мәлімдеме жасады.

«Жаздың соңында ораламын. Және жаңа чемпион!» — деп жазды ресейлік файтер әлеуметтік желіде.

Жанкүйерлердің пікірінше, бұл сөздер оның UFC чемпионы Александр Волкановски қарсы титулдық жекпе-жекке шығатынын меңзеуі мүмкін.

Айта кетейік, Мовсар Евлоев соңғы жекпе-жегінде британдық Лерон Мерфиді төрешілер шешімімен жеңіп, UFC-дегі жеңіліссіз сериясын жалғастырған болатын.

Ал Александр Волкановски қаңтар айында Диего Лопеске қарсы чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалған еді.