Маманның айтуынша, Рахмонов залдағы жаттығуларын қайта бастаған. Алайда тізесіндегі ауыр жарақатты оңалту кезеңі жалғасып жатқандықтан, ол әзірге жаттығу жоспарын толық көлемде орындай алмайды.
Қазір Шавкат бапкерлік тапсырмалардың шамамен 60 пайызын ғана орындай алады. Негізгі назар бокс пен физикалық дайындыққа аударылып жатыр. Аяғы әлі де оңалту кезеңінде, — деді Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында.
Еске салсақ, Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақаттың қайта асқынуынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Пікірлер (0)
Әзірге пікірлер жоқ. Алғашқы болып жазыңыз!