DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz басылымына берген сұхбатында қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуына қатысты пікір білдірді.

Бапкердің айтуынша, Рахмоновтың жарақатынан айығу процесі күткеннен ұзаққа созылған. Сондықтан оның келесі жекпе-жегінің нақты күні әзірге белгісіз.

«Шавкаттың қашан оралатынын нақты айта алмаймын. Өздеріңіз көріп отырғандай, қалпына келу процесі ұзаққа созылды. Менің болжамым бойынша, ол келесі жылдың наурыз-сәуір айларында оралуы мүмкін», – деді Базров.

Осылайша, бапкер Шавкат Рахмоновтың 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында октагонға оралуы мүмкін екенін жеткізді.

Ал 2027 жылдың ортасында Қазақстанда өтуі мүмкін UFC турниріне қатысу мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.